Спортшы Ерванд Ильинский спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
1. Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Президент қол қойған Жарлықта.