Президенттің айтуынша, бұл құжат ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады.
Бүгін Ақордада жаңа Конституция қабылдаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев халқының алдында серт берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Президенттің айтуынша, бұл құжат ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады.
«Жаңа Конституцияны қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру деген сөз. Бұл – дұрыс пен бұрысты тани білетін, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата алатын, кемеліне жеткен жұрттың ғана қолынан келетін іс. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр нормасы, әр тармағы Тәуелсіздігімізді нығайта түседі», - деді Тоқаев өз сөзінде.
Президент Ата заңды Әділетті Қазақстанның төлқұжаты деп атап, елге адал қызмет етуге серт берді.
«Мен ел Президенті және Конституция кепілі ретінде бас құжаттағы ережелердің мүлтіксіз орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін», - деді Тоқаев.