$ 497.56  586.92  6.44

Тағы бір соғыс осы тұтанды: Израиль Иранға соққы жасады (ВИДЕО)

Израиль өз әуе кеңістігін жауып, мүмкін болатын жауапты соққыларды күтіп отыр.

Фото: BILD
Фото: BILD

 Израиль Тегеранға «превентивтік соққы» жасады. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Исраэль Кац Израиль Иранның жауапты соққыларын жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Қорғаныс мақсатында бүкіл ел бойынша әуе дабылының сиреналары қосылды, бұл халықты Израильге зымырандардың ұшырылу мүмкіндігіне дайындауға арналған шара болды.

Израиль аумағында сиреналар естіледі. Әскерилер тұрғындарды қауіпсіздік мақсатында бомбадан бой тасалайтын орындарға жақын болуға шақырады, деп жазады The Times of Israel.

Бұдан бөлек, Израиль өз әуе кеңістігін жауып, мүмкін болатын жауапты соққыларды күтіп отыр.

Сонымен қатар, ирандық БАҚ Тегеранның орталығында үш жарылыстың болғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметінше, бірнеше зымыран Тегерандғы Университеттік көше мен Джомхури ауданында жарылған. Қазіргі уақытта құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Иран да өз әуе кеңістігін барлық әуе кемелеріне жабатындығы туралы хабарлады.

Бұл шабуыл екі ел арасындағы 12 күндік әуе соғысының кейін жасалған және АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық бағдарламасын жалғастырған жағдайда тағы да соққы жасауға дайын екендігі туралы бірнеше ескертулерден соң жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0