Уәлихан Қайсаровтыңтың айтуынша, қырғыздар «қазақтар өздері келді, тиісті жазасын алды» деген ұстанымда.
Экономист, экс-сенатор, «Кенесары қорының» жетекшісі Уәлихан Қайсаров Qasqa Jol YouTube aрнасына берген сұхбатында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың «Кенесары бізге басып кірді және тиісті жазасын алды» деген мағынадағы жазбасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Уәлихан Қайсаровтыңтың айтуынша, қырғыздар «қазақтар өздері келді, тиісті жазасын алды» деген ұстанымда.
«Кінәміз, күнәміз де жоқ деп ойлайды. Садыр Жапаровтың да әңгімесі сол болып отыр. Негізі оның әңгімесі бекер болды. Үндемеу керек еді. Болғаны болды. Қазіргі билік те, халық та оған жауапты емес. Керісінше кешірім сұрау керек еді. Иә, бізден қателік болды, біз ханның қанын жібердік деп. Ханды өлтірді, бірақ басын алып Ресейге жіберудің не қажеті бар еді?! Ол өздерінің манаптарының мансаптары, ақша, Ресей патшасынан орден, медаль үшін ғана ғой. Өлтірдіңдер, жерлеңдер кәдімгідей. Бассыз жерлеп, жаназасын шығармауды қалай түсіндіресіңдер? Ислам бойынша мұсылмандыққа жататын нәрсе емес. Артында іздейтіндері бар ғой! Осы жайлы ол айтқан жоқ. Керісінше басшы ретінде екі елдің арасын ашпай, қатынасты жақындату керек еді», - деп атап өтті экономист.