$ 511.67  582.38  6.53

Трамп пен Путиннің екі сағатқа жуық сөйлесуі қандай нәтижеге алып келді?

Екі ел басшыларының әңгімесі 2 сағатқа созылды.

Фото: LRT
Фото: LRT

19 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат пторталы.

Қос тарап  осыған қатысты қысқаша мәлімдеме жасады.

Владимир Путиннің айтуынша, Дональд Трампқа АҚШ-тың Украинамен тікелей келіссөздерді қайта жандандыру бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтқан. Сонымен қатар Ресей басшысы Украинамен болашақ бейбіт келісімге қатысты арнайы меморандум жобасын әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Надежды разбиты": Трамп шокировал ЕС после разговора с Путиным - РИА  Новости, 23.05.2025

Путин журналистерге берген сұхбатында АҚШ-тың Ресей мен Украина арасындағы тікелей бейбіт келіссөздерді қайта бастауға қолдау білдіргені үшін Трампқа алғыс білдіргенін жеткізді. Ол Ақ үй басшысымен мазмұнды әңгіме болғанын да айтты.

Сөзінше, Ресей Украинамен бірге алдағы бейбіт келісімге қатысты меморандум жобасын дайындауға әзір.

«Біз АҚШ президентімен Ресейдің болашақ бейбіт келісім жөнінде Украина тарапымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екеніне уағдаластық. Бұл меморандумда бейбіт келісімнің жасалатын мерзімі сияқты бірнеше мәселе көрсетіледі. Бұдан бөлек тиісті келісімге қол жеткізілген жағдайда, атысты белгілі бір уақытқа тоқтату мәселесі де қарастырылуы мүмкін», - деді Владимир Путин.

Дональд Трамп ресейлік әріптесімен арадағы әңгімеге көңілі толғанын жеткізді. Оның айтуынша, Мәскеу мен Киев «дереу» атысты тоқтату және бітімге келу туралы келіссөздерді бастайды.

Отношение украинцев к России и россиян к Украине заметно улучшилось

«Мен Ресей президенті Владимир Путинмен екі сағатқа жуық сөйлестім. Ол өте жақсы өтті деп есептеймін. Ресей мен Украина атысты тоқтату жөнінде келіссөздерді дереу бастайды. Бұл келіссөздердің шарттарын қос тарап өзара талқылайды. Солай болуы тиіс. Себебі келіссөздің егжей-тегжейін олар ғана біледі», - деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамп өзінің бұл бастамасы жайлы Украина президенті Владимир Зеленскийге, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенге, Франция президенті Эммануэль Макронға, Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге, Германия канцлері Фридрих Мерцке және Финляндия президенті Александер Стуббқа хабарлағанын да мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары