$ 443.44  480.51  4.88

Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен сөйлесті

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлест, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары