$ 538.33  626.99  6.71

«Қуана қабылдаймыз»: «Тик-Ток мұғалім» атанған Ақмоншақ Нұртаза жаңа қызметі жайлы айтты

"Жаңа кабинет жасақтап берем дейтін ниетті жандар болса, оған да қуаныштымыз".

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желі арқылы танылып, тіпті "Тик-Ток мұғалім" атанған Ақмоншақ Нұртаза жаңа оқу жылы алдында оқырмандарына ерекше жаңалығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Instagram желісіндегі парағында өзі басшылық ететін Астанадағы І. Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясына жаңа оқу жылына мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін кәсіпкер жандарды іздейді.

"Мектебімізге демеуші болам дейтіндер болса, қуана қабылдаймыз. Қазіргі таңда мектебімізге әдеби кітаптар, домбыра, стендтер, жалюзи, ролл-штор, парта, орындық, панельдер, сондай-ақ көпбалалы оқушыларға мектеп формасы қажет. Жаңа кабинет жасақтап берем дейтін ниетті жандар болса, оған да қуаныштымыз. Біз серіктестікке дайынбыз және демеушілердің жарнамасын жақсы деңгейде жасап, насихаттауға әрқашан әзірміз. Сіздердің қолдауларыңыз мектепке де, оқушыға да үлкен пайдасын тигізері сөзсіз", – деп жазып қойды директор А. Нұртазақызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары