$ 512.34  582.07  6.31

«Кәсіби мамандардан кем емес»: Қазақстандағы ең кішкентай дирижер Атырауда тұрады (ВИДЕО)

Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5, қалғандары 3-4 жасар бүлдіршіндер.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Еліміздегі ең кішкентай 5 жасар дирижер Атырауда тұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Миниcтрліктің мәліметінше, Атырау облысы Исатай ауданынында бүлдіршіндерден құралған оркестр бар. 

Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5, қалғандары 3-4 жасар бүлдіршіндер. 

"Құлыншақ" бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпшілікті сүйсіндірген. Ол оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді екен. 

"Оның музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес. Оның музыканы сезінуі таң қалдырады", - дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары