$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

Петропавлда ЖЭО құбыры құлады. Зардап шеккендер іздестіріліп жатыр

ЖЭО-2-нің құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Севказэнерго" баспасөз қызметі ақпаратты растап, оқиға орнында барлық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатқанын, жұмысшыларды түгендеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

ЖЭО-2-нің құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Құрылымның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна.

Еске салайық, 2016 жылы құлаған құбыр жөнделген болатын. 2021 жылы қараша және желтоқсанда Петропавлдағы ЖЭО-2-де екі рет апат болды. Екі ретте де 2 қазандық істен шықты. Кейін қаланың бірнеше ауданы электр жарығынсыз қалған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0