$ 453.26 € 506.7 ₽ 5.58

Қысқы Паралимпиада-2022: 6 наурызда 2 спортшымыз сайысқа түседі

Денис Петренко, Ербол Хамитов мен Юрий Березин пара шаңғы жарысынан 18 шақырым қашықтықта сынға түседі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 6 наурызда қазақстандық 2 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық Денис Петренко, Ербол Хамитов мен Юрий Березин пара шаңғы жарысынан 18 шақырым қашықтықта сынға түседі. Сайыс елорда уақытымен 08:00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, 5 наурызда ел құрамасынан сырғанаудан спринтерлік бәсекеде Сергей Усольцев 15-орынды місе тұтты. Оның жеңімпаздан қалып қойған көрсеткіші - 3:09.4. Ал Ербол Хамитов 16-орын алды. Көрсеткіші - +3:29.1. Одан кейін Александр Герлиц биатлоннан түрегеп жарысу сайысында жарысты сегізінші орынмен аяқтады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0