$ 457.09 € 508.42 ₽ 5.67

Бірқатар өңірде төтенше жағдай режимі алып тасталады

Тізімде Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары бар.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

13 қаңтардан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталады. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай режимі алып тасталады:

"Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

"Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

"Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

 Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0