$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

«Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне күштеп вакцина салынуда»: Ел арасында шу болған ақпаратқа министрлік түсінік берді

Ведомство балалар үйіндегі бүлдіршіндерді, сонымен қатар еліміздегі барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналау ерікті түрде жүргізілетіндігін айтты.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Әлеуметтік желілерде қазақстандық балалар үйіндегі бүлдіршіндерге COVID-19-ға қарсы екпенің мәжбүрлі түрде салынып жатқаны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Stan.kz. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомство балалар үйіндегі бүлдіршіндерді, сонымен қатар еліміздегі барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналау ерікті түрде жүргізілетіндігін айтты.

"Вакциналау балаларға жауапты тұлғалардың жазбаша келісімінен соң ғана жүргізіледі. Ешқандай балалар үйінде 100% міндетті вакциналау жоқ", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың арасында "мектеп оқушыларын ата-аналарының рұқсатына қарамастан вакциналайды" деген ақпарат тараған. Мұндай нормативтік-құқықтық акт туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарған еді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0