$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

Қазақстанда ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салынады

Жаңа заң иттерді төбелестіруге, жануарларға анестиясыз операция жасауға тыйым салмақ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Парламентінің Мәжілісі жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын жұмыс тобында қарауға алды. Заң жобасы жануарларға қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастырады. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Жануарларды қорғау туралы жеке заң қатыгездік, иттер төбелесі, жануарларға анестиясыз операция жасау, сабау, оларды заңсыз аулау сияқты адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге тосқауыл қояды деп күтілуде.

– «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасын қабылдау Қазақстанды заманға сай өркендеген ел ретінде паш етіп, айналадағы тіршілік иелеріне мейірімділікпен қарауға тәрбиелеп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдағы агрессияны азайтуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, заң жобасын талқылаған депутаттар заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша тиісті қорытынды дайындайтындарын жеткізді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#мысық #иттер