$ 505.17  599.54  6.59

Нұр-Сұлтанда Kia Rio көлігі асфальтқа қадалып қалды (ФОТО)

Полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің шұңқырға түнгі сағат 01: 50-де қадалып қалғанын растады.


Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жағалау» аймағында 1 қаңтарға қараған түні көлік асфальтқа қадалып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнынан суреттер Facebook желісіндегі «Астана – Что? Где? Когда?» тобында жарияланды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің шұңқырға түнгі сағат 01: 50-де қадалып қалғанын растады.

«E-30 көшесі бойымен келе жатқан Kia Rio көлігінің жүргізушісі қоршалмаған асфальттың бетіндегі шұңқырға түсіп кете жаздады. Зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департамент өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#шұңқыр