26.11.2026, 22:30

Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы қызға тиісті деген күдікпен ұсталды

Фото: видеодан скриншот

Күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда такси жүргізушісі кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

15 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасалды деген дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасы Алмалы аудандық полиция басқармасына арызданған. Қыздың айтуынша, такси жүргізушісі оған рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай ұстап қалып, сүймек болған.

Күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты болуы мүмкін кез келген заңсыз әрекет туралы ақпарат полицияның ерекше бақылауында. Бұл дерек бойынша бірден сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – біздің жұмысымыздың басты басымдығы, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.