Қайғылы жағдай 2026 жылғы 19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында тіркелген.
Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 аумағында мердігер ұйымның қызметкері электр тогынан көз жұмды. Оқыс оқиғаның мән-жайын мемлекеттік еңбек инспекциясы анықтап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жағдай 2026 жылғы 19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында тіркелген.
"Қазіргі уақытта 2026 жылғы 19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында мердігер ұйым қызметкерінің өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне электр тогы себеп болған. Ведомство марқұмның ГРЭС-1-дің штаттық қызметкері емес, мердігер мекемеде жұмыс істегенін нақтылады. Оқиға кезінде оның нақты қандай жұмыс атқарғаны әзірге жарияланған жоқ.
Арнайы тергеу барысында мамандар жазатайым оқиғаның мән-жайын, өлімге әкелген жарақаттың себептерін және жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын тексереді. Сондай-ақ оқиғаға қатысты жұмыс беруші мен жұмысшының жауапкершілік деңгейі айқындалмақ.