$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

«Камералар тексеріліп жатыр»: Астанада 26 жастағы жігіт қаза тапты

Астана қаласы Полиция департаменті марқұмның жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 26 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция жас жігіттің қазасын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Астана қаласы Полиция департаменті марқұмның жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан 26 жастағы ер адамның жеке басы анықталды. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар тәркіленіп, зерттелуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0