Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұрғындар жылу желілерін жөндеу жұмыстарының сапасына наразылық білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, үш жыл бұрын жаңа жылу магистралі тартылғанымен, әбден тозған құбырлардың бір бөлігі мен ескі ысырмалар ауыстырылмаған. Тұрғындар жыл сайын мәселені көтеріп жүргенімен, жауаптылар жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырып келеді. Желіде жарияланған бейнежазбадан тот басқан құбырларды көруге болады, ал тұрғындардың сөзінше, ескі ысырмалардан су ағып тұр. Қала тұрғындары мұндай құбырлардың жылыту маусымының соңына дейін шыдайтынына күмән келтіреді. Теміртау әкімдігі үш жылдан бері шешілмеген мәселені қолға алу үшін қақаған қыста құбырлардың жарылуын күтіп отыр ма?