2026 жылы компания жалпы инвестициялық портфелі 18,2 млн долларды құрайтын 20 геологиялық барлау жобасын жүзеге асыруда.
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын трансформациялау, жер қойнауын зерттеудің заманауи технологияларын енгізу, геологиялық деректердің қолжетімділігін арттыру және еліміздің минералдық-шикізаттық әлеуетін толық ашу қажеттігін атап өтті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
«Қазақмыс» осы басымдықтарды негізге ала отырып, геологиялық барлау саласына цифрлық шешімдерді енгізіп, зерттеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуда және бейінді мамандарды даярлау жүйесін жетілдіруде. 2026 жылы компания жалпы инвестициялық портфелі 18,2 млн долларды құрайтын 20 геологиялық барлау жобасын жүзеге асыруда.
Жаңғыртудың негізгі бағыттары:
Жасанды интеллект — Жезқазған қаласындағы Геологиялық кластерде керн сынамаларын зерттеу және геологиялық деректердің дәлдігін арттыру үшін ANCORELOG және LithoLens кешендері қолданылады;
Цифрлық мониторинг — 50 бірлік бұрғылау техникасы онлайн-мониторинг жүйесімен жабдықталған. Шалғайдағы учаскелерде Starlink спутниктік байланысы пайдаланылады;
Үш өлшемді модельдеу — Micromine бағдарламалық жасақтамасын қолдану аясы кеңейтілуде. Micromine Origin & Beyond бағдарламасымен жұмыс істеуге шамамен 400 маманды оқыту жоспарланған. Сонымен қатар геологиялық ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтау және талдау үшін Geobank жүйесі енгізілуде;
Өндірістік нәтижелер — 2026 жылдың 10 айында корпорация жобалары бойынша жалпы ұзындығы 71,7 мың қума метр бұрғылау жұмысы орындалды. Зерттеулер Жезқазған кен орнында, Жомарт, Абыз, Нұрқазған және Қажықонған кеніштерінде, сондай-ақ басқа да перспективалы учаскелерде жүргізілді;
Кадр даярлау — Ұлытау университетімен бірлесіп, инженерлік-техникалық мамандарды даярлау жүйесі дамытылуда. 2026 жылғы қыркүйекте алғашқы лекке 163 студент қабылданды. Олардың 103-і – «Қазақмыстың» қазіргі жұмыскерлері.
Геологиялық барлау саласын жаңғырту жасанды интеллектті, цифрлық модельдеуді, зерттеу жұмыстарының көлемін арттыруды және кадрлық әлеуетті дамытуды біріктіреді. Бұл кешенді тәсіл геологиялық барлау тиімділігін арттыруға және компанияның минералдық-шикізат базасын нығайтуға бағытталған.