$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

Ертіс өзенінде үш балықшы суға батып кетті

Қайғылы оқиға Зевакино ауылының маңында болған. 

фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында үш балықшы жұқа мұз ойылып, суға батып кетті. Қаза тапқандардың ешқайсысында құтқару кеудешесі болмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  

Қайғылы оқиға Зевакино ауылының маңында болған. Ертіс өзеніне балық аулауға барған үш ер адам толық қатпаған мұздың үстіне шығып, суға кеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмдар 1984, 1960 және 1967 жылы туған. Олардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан алып шыққан.

Ведомство өкілдері қайғылы жағдайға мұздың жұқалығы және балықшылардың құтқару кеудешелерін кимеуі себеп болғанын атап өтті.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады. Мамандар алғашқы аяз түскеннен кейін су айдындары мұз құрсана бастағанымен, бұл оның үстімен жүруге қауіпсіз дегенді білдірмейтінін еске салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0