24.11.2026, 16:00

Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: syrboyi.kz

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ақтөбеде Оңтүстік айналма жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды. Тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айбек Борашевтің айтуынша, жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатын алған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі дене жарақатын алды», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айбек Борашев.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.