$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы дүниеден өтті

Фото: Артем Чурсинов
Фото: Артем Чурсинов

Көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден озды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оразақ Смағұлұлы 1930 жылы 1 қазанда Қостанай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан Меңдіқара ауданының Ұялысай ауылында дүниеге келген. 

1958 жылы академик Қаныш Сәтбаевтың қолдауымен КСРО Ғылым академиясының Этнология және антропология институтының аспирантурасына оқуға түсті. 

1965 жылы "Қазақтың кескін-келбетінің қалыптасуы көне және қазіргі бас сүйектері бойынша" деген тақырыпта антропология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1970 жылы жарық көрген "Население Казахстана от эпохи бронзы до современности" атты кітабында бұдан 4 мың жыл бұрын қазақ жерін мекендеген тайпалар мен қазіргі қазақтардың қаңқа сүйектерін салыстырып, олардың антропологиялық байланыстарын зерттеген. 

1977 жылы "Этническая геногеография Казахстана" атты көлемі 10 баспа табақ еңбек жарық көрді. Алайда, бұл еңбек кеңестік цензураның қысымына ұшырады. Кітап Орталық партия комитетінің тікелей бұйрығы бойынша отқа жағылған. 

"Ардақты ағамызды МҚК (КГБ) бақылауға алып, 15 жыл бойы ғылыммен еркін айналысуына кедергі келтірді. Дегенмен ғалым ешбір кедергіге мойымай, ғылымға деген құштарлығын жоғалтқан жоқ, саналы ғұмырының барлығын қазақ ғылымының дамуына арнады. 36 экспедициялық және далалық зерттеуге қатысып, 200-ден астам ғылыми еңбек жазды. Өмірінің соңына дейін ағамыз қазіргі уақытта әзірленіп жатқан жеті томдық "Қазақстан тарихы" басылымының авторларының бірі әрі бас редакциялық алқа мүшесі ретінде іргелі еңбектің дайындалуына белсене атсалысты. Қазақ халқының антропологиялық қалыптасуы мен этногенезіне қатысты бөлімдерін жазып, академиялық еңбектің сапалы дарлануына елеулі үлес қосты", – деп жазды Зиябек Қабылдинов.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0