$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Семейде балалы аналар көлік жолымен жүруге мәжбүр: қала инфрақұрылымы сынға қалды

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Абай облысының Семей қаласында жаяу жүргіншілерге жағдай жасалмағанына тұрғындар наразы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде видео жариялаған қала тұрғыны жаңбырдан кейін көшелерді су басып, бала арбасымен көлік жолына шығуға мәжбүр болғанын айтты. Оның сөзінше, қалада бірнеше жылдан бері қазылған жолдар, тротуарлар мен пандустардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналған. Жаңбыр суын бұратын жүйенің жеткіліксіздігінен тұрғындардың аялдамаға жетуі де қиындаған. Әсіресе, балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қала ішінде жүріп-тұру қиынға соғып отыр. Семей қаласының әкімдігі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, осы мәселелерді қашан шешеді?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#аналар #Семей