22.11.2026, 18:30

«Ризамын»: Марқұм Бейсен Құранбектің жары жан сырын ақтарып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

Фото: Бейнежазбадан

Гүлмира Зербайдың айтуынша, Бейсен Құранбектің жағдайы ауырлап, тілі күрмеліп жатса да, ол бір сөзді бірнеше рет қайталаған.

Талай жанға шарапаты тиіп, елдің алғысына бөленген марқұм тележүргізуші Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында көзіне жас алды. Ол өмірлік серігімен бірге өткізген күндерін еске алып, оның өмірінің соңғы сәттерінде айтқан сөздерін тебірене жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Гүлмира Зербайдың айтуынша, Бейсен Құранбектің жағдайы ауырлап, тілі күрмеліп жатса да, ол бір сөзді бірнеше рет қайталаған. Марқұмның аузынан шыққан соңғы сөздердің бірі – «Ризамын» болған. Жары сол бір сәтті еске алғанда көз жасына ерік беріп, Бейсеннің сабырлы болмысын, өмірге деген көзқарасын еске алды.