Баспасөз қызметінің мәліметінше, студент жедел жәрдемді өзі шақырған.
Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі өзіне қол жұмсамақ болған студентке қатысты жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, студент жедел жәрдемді өзі шақырған.
Медициналық құпия мен заң талаптарына байланысты аурухана тарапынан бізге науқастың жағдайы туралы толық мәлімет берілген жоқ. Біз студенттің ата-анасымен тығыз байланыстамыз. Олардың айтуынша, қазір білім алушының жағдайы бірқалыпты. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр, - делінген хабарламада.