Алматы қаласының Бағанашыл шағынауданында жолдың асфальты жарылып, жер астына шөге бастаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғынның айтуынша, Сырғабеков көшесінде күз бойы қазба жұмыстары жүргізіліп, кейін жолға асфальт дұрыс төселмеген. Соның салдарынан әл-Фараби даңғылынан Алматы көшесіне дейінгі аралықта жол жабыны бүлініп, көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп отыр. Желі қолданушысы қауіпті аумақтан полиция қызметкерлері күн сайын өтсе де, тиісті шара қабылданбай отырғанына шағымданды.
Ал Алматы қаласының әкімдігі жолдың осындай күйге түсуіне неге жол берді және сапасыз жүргізілген жұмысты кім қадағалауы тиіс? Тұрғындар жол толық опырылып, жол-көлік оқиғасы болғанша күтпей, қауіпті учаскені тексеріп, жөндеуді талап етеді.