Ақмола облысының Ақкөл қаласында көпбалалы отбасы мемлекеттен алған баспанасының қабырғалары жарылып жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғынның сөзінше, үйдің іргетасы мен қабырғаларында жарықтар пайда болып, қазір барлық бөлмеге таралған. Кейбір жарықтар үйдің сыртынан ішіне дейін жеткен, тіпті терезе айналасындағы қабырғалар да жарылған. Отбасы бұл мәселе бойынша әкімдікке және жауапты мекемелерге бірнеше рет шағымданып, техникалық тексеру де жүргізілгенін айтады.
Алайда тұрғын жариялаған суреттерден баспананың әлі де алаңдатарлық жағдайда тұрғанын көруге болады. Ақкөл қаласының әкімдігі көпбалалы отбасы тұрып жатқан үйдің жағдайына қатысты қандай шара қабылдағанын және баспананың қауіпсіздігіне кім жауап беретінін түсіндіруі тиіс.