$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Тоқаев Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Хун Манетке Камбоджа Корольдігінің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті айтулы мереке Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өткен. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанына тоқталған.

– Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0