$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Қытайдағы тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен 14 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Шаньси провинциясындағы тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Қытайдың орталық телевизиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өрт кеше, 8 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 16:59-да Тайюань қаласының Инцзэ ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан.

Қайғылы оқиға салдарынан қазіргі уақытта 14 адамның қаза тауып, 30-дан астам адамның зардап шеккені белгілі болды.

Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнында ТЖ салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0