$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

«Балшық суға да ақша төлей ме?»: Степногорск тұрғындары әкімдік әрекетсіздігіне наразы

Тұрғындар әкімдіктен жағдайға түсініктеме беріп, су сапасын тексеруді және мәселені шұғыл шешуді талап етіп отыр. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Ақмола облысының Степногорск қаласында тұрғындар краннан аққан қара, лай суға шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қала тұрғыны ауыз судың орнына қою балшыққа ұқсас сұйықтық ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Жұрттың айтуынша, мұндай суды тұрмыстық қажеттілікке пайдалану да қиын, ал оның сапасына қатысты алаңдаушылық күшейген.

Тұрғындар судың сапасыздығына қарамастан, коммуналдық қызмет ақысын толық төлеуге мәжбүр екенін айтып, жауапты мекемелерге наразылық білдірді.

Жыл сайын инженерлік желілерді жөндеуге қаражат бөлінетіні айтылғанымен, қалада су сапасына қатысты мәселенің әлі шешілмеуі әкімдіктің жұмысына сын туғызды.

Тұрғындар әкімдіктен жағдайға түсініктеме беріп, су сапасын тексеруді және мәселені шұғыл шешуді талап етіп отыр.

Threads: @gulchina.arimzha 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0