$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Өскеменде 35 жастағы ер адамды көлік қағып, мерт қылды

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 8 қараша күні сағат 19:00 шамасында Өскемен – Тәжірибе алаңы тасжолында болған. Көлік қағып кеткен 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Өскемен қаласына қарай қозғалып келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі сақ болуға шақырамыз. Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты таңдап, жолдағы жағдайды ескеруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өткені жөн», – деді полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0