$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

«Әкесі қызының ернінен сүйген»: Желіде тараған видео көптің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Оқиғадан кейін полиция тексеріс бастады. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Өскеменде әкесінің кішкентай қызын ернінен сүйген видеосы жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғадан кейін полиция тексеріс бастады. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның туған күніне орай қызын тосынсыймен қарсы алғаны көрінеді. Қолына мерекелік торт ұстаған әкесі бүлдіршінді туған күнімен құттықтап, ернінен сүйген.

Алайда бұл кадрлар Threads желісінде қызу талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды. Желі қолданушыларының бір бөлігі жағдайға алаңдаушылық білдірген.

Кейін видео авторы Өскемен полициясының өзіне хабарласып, жарияланымды өшіруді сұрағанын мәлімдеді.

«Маған Өскемен полициясынан қоңырау шалып, видеоны өшіруді өтінді. Мен оны өшірдім. Полиция бұл отбасын шынымен бақылауға алып, жағдайды анықтайды деп үміттенемін», – деп жазды ол.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті аталған жағдай бойынша мәлімет берді. Ведомствоның хабарлауынша, дерек тіркеліп, қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Тексеру жұмыстарына білім басқармасы мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де тартылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 0