$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Алматыда ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмды

Қайғылы жағдай 6 қараша күні кешке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қалашығында болған.

Фото: ҚазҰУ
Фото: ҚазҰУ

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алатын бірінші курс студенті көз жұмды. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық Полиция департаменті студент қыздың қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қайғылы жағдай 6 қараша күні кешке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қалашығында болған. Марқұм журналистика факультетінің бірінші курсында оқыған. Дереккөздің мәліметінше, ол Алматыға Шымкенттен білім алу үшін келген болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Басылымның жазуынша, оқиғадан кейін түнде студенттер қалашығында полиция қызметкерлері мен университет өкілдері болған. Жатақхана тұрғындарына бөлмелерінен шығуға және балконға баруға рұқсат берілмеген.

Студенттің өлімінің себебі әзірге анықталған жоқ. Білім алушылар арасында суицид болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Ulysmedia басылымына сұхбат берген дереккөздің сөзінше, студенттерден оқиғаға қатысты хабарламаларды топтық чаттардан өшіру сұралған. Сондай-ақ оларға хат алмасулар тексерілуі мүмкін екені ескертілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#КазҰУ