$ 451.87 € 507.31 ₽ 5.53

Павлодар колониясында қайғылы жағдай: 20 жастағы сотталушы өлі табылды

Павлодар облысында 20 жастағы сотталушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Павлодар колониясында кәмелетке толмаған қызбен интимдік қатынасқа түскені үшін 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт өлі табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысында 20 жастағы сотталушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған жас жігіт түзеу мекемесінен өлі күйінде табылған.

Оқиға 2025 жылы басталған. Сол кезде 19 жастағы жігіт 15 жастағы мектеп оқушысымен танысқан. Екеуі Instagram желісі арқылы хат алмасып, кейін қыздың үйінде кездескен. Сол жерде олардың арасында интимдік қатынас болған.

Бұл жағдайдан қыздың анасы хабардар болып, полицияға арызданған. Қарым-қатынас екі тараптың келісімімен болғанына қарамастан, заң бойынша 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған.

2026 жылдың сәуірінде сот жас жігітті 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, сотталушы өзіне қол жұмсаған. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0