$ 451.87 € 507.31 ₽ 5.53

Қызылордадағы дәмханада жарылыс болды: Қауіпсіздікке жауапты мекемелер қайда қараған?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қызылорда қаласындағы «Kimchi» дәмханасында газ баллоны жарылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнынан түсірілген видеода дәмхананың іші түтінге толып, адамдардың үрейленіп, айқайлағаны көрінеді. Алайда жарылыстың нақты себебі, зардап шеккендер бар-жоғы және оқиғаның мән-жайы әзірге ресми түрде нақтыланбаған. Қоғамдық тамақтану орындарындағы газ жабдықтарының қауіпсіздігіне бақылау жүргізілуге тиіс, ал мұндай жағдайлар жауапты мекемелердің жұмысын қайта қарауға негіз болуы керек. Қала әкімдігі мен тиісті органдар оқиғаға қатысты үнсіз қалмай, дәмханадағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, халыққа нақты ақпарат ұсынуы қажет. Тұрғындарды алаңдатқан басты сұрақ – адам көп жиналатын орындардағы қауіпсіздікке кім жауап береді және осындай оқиғалардың алдын алу үшін әкімдік қандай шара қабылдаған?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 22
Күлкілі 0
Ашулы 0