$ 451.87 € 507.31 ₽ 5.53

Алматыда жаңадан төселген тас төсемі қайта қазылған

Қала басшылығы бұл жағдайға қатысты қатаң бақылау орнатып, орынсыз шығындарға тосқауыл қоюы тиіс.  

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Алматыдағы Тимирязев көшесінде жаңадан төселген брусчатка мен жасыл газонның қайтадан бұзылып жатқаны жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана абаттандырылып, гүл егілген аумақтар қазір үйлердің фасадын жөндеу сылтауымен қайта қазылып, астан-кестеңі шықты.

Тұрғындар бұл қалалық бюджеттің қаржысын желге ұшыру және жұмыстың ретсіздігі екенін айтып, дабыл қағуда.

Жауапты мекемелер бұл ретсіздікке әлі де нақты түсінік берген жоқ. Шаһардағы оңды-солды жасалып жатқан бұл берекесіз тірлік халықтың қатаң сынға алуына түрткі болды.

Қала басшылығы бұл жағдайға қатысты қатаң бақылау орнатып, орынсыз шығындарға тосқауыл қоюы тиіс. 


Threads: @madikavto

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0