Миллaрдтаған бюджет қаржысы бөлінген елде коммунальды саланың әлі күнге дейін қарапайым күрек пен сыпырғыштан ұзап шыға алмауы халықтың ашуын тудырып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған мына бір видео жұрттың жағасын ұстатты: кадрдағы жұмысшы тротуардағы көлкіген суды арнайы техникамен сорудың орнына, қолдағы күрек-совкоммен қалбырлап жинап әлек. Қара алтынды өндіріп отырған аймақтың өзінде бұл көрініс масқара болса, миллиондаған тұрғыны бар Алматы әкімдігінің де жауапсыздығы жұртты осыған ұқсас бейқамдыққа жетелеп жүр.
Жаңбыр жауса жүру түгіл тұру мүмкін болмайтын оңтүстік астананың нөсерді көтере алмайтын ахуалы мен жауаптылардың үнсіздігі қашанғы жалғасады? Қала билігі халықтың қалтасынан кеткен қаржыны игеріп жатырмыз дегенелімен, жергілікті инфрақұрылымның әлі күнге дейін ортағасырлық деңгейде қалуы үлкен сұрақ тудырады. Әкімдік өкілдері әдеттегідей үнсіз қалып, мәселенің көзін жоюдың орнына сырғызба жауаппен шектеліп отыр.