$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Қазба барысында сақ дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары да табылды.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Наурызбай ауданындағы Қарағайлы қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аю бейнесінде жасалған алтын мүсінше табылды. Ғалымдардың болжамынша, бұл бұйым бас киімге тағылатын әшекей ретінде қолданылған.

Алдын ала зерттеулер бойынша, оба біздің заманымызға дейінгі IV–III ғасырларға жатады.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда бұған дейін аю бейнесіндегі мұндай алтын мүсіншелер кездеспеген. Бұл олжа Қара теңіз маңынан Алтайға дейінгі Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыс пен ұқсастықтарды зерттеуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Қазба барысында сақ дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары да табылды. Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жалғасуда. Ғылыми өңдеуден кейін аса құнды жәдігерлерді Алматы музейінде көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0