$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

«Китана»: «Бүркіт» жасағына алғаш рет әйел сарбаз қызмет етпек

Фото: Ұлттық ұлан
Фото: Ұлттық ұлан

Ішкі істер министрі Ұлттық ұланның “Бүркіт” жасағының құрамына алғаш рет әйел адамды қабылдады. Қымбат есімді аруымыз бұған дейін SWAT Challenge халықаралық жарысында чемпион атанған “Томирис” тобының мүшесі болған еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қымбаттың бүркеншік атауы – Китана. Ұлттық Ұланның мәліметінше, Китанаға қызығушылық Дубайда өткен жарыста мергендігінен басталған. Мәліметінше, Сымбат та бұл ұсынысқа көп ойланбай, бірден келісім берген.

  • Қоян-қолтық ұрыстан алты дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының күміс және екі қола жүлдегері, әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.
  • Джиу-джитсудан үш дүркін әлем, Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. ММА бойынша Қазақстан және Азия чемпионы, жауынгерлік самбодан ел чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

 Ұлттық ұланның мәліметінше, қазір Қымбатты алдағы уақытта күтіп тұрған сынағы – күрең берет.

“Бұл сынақ жауынгердің дене дайындығын, төзімділігі мен рухының беріктігін талап етеді. Мақсатына жетсе, ол Ұлттық ұлан тарихында күрең беретке қол жеткізген алғашқы қыз жауынгер атанбақ”, – деп жазды Ұлттық ұлан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0