ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, Ақтөбе – Ұлғайсын автожолының бірінші кезеңі аясында 28 шақырым жол пайдалануға беріліп, көлік қозғалысына рұқсат етілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта жол құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жұмыстар Үкіметтің қатаң бақылауында. Арнайы мониторинг жүргізіліп, құрылыс барысы тұрақты назарда.
Жоба белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Алдағы кезеңдердегі жұмыстарды да кестеге сай аяқтау көзделген. Жобаны 2028 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.