$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

СҚО-да 17 жастағы қыз қайтыс болды: полиция тергеу бастады

Мәліметке сәйкес, сол күні сағат 17:30 шамасында оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылған. 

Фото: 24kz
Фото: 24kz

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Петровка ауылында 17 жастағы жасөспірім қыз қайтыс болды. Қайғылы оқиға 1 қараша күні кешкі уақытта жеке тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәліметке сәйкес, сол күні сағат 17:30 шамасында оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Алайда медицина қызметкерлері келген кезде жасөспірімнің қайтыс болғаны анықталған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын растады.

«СҚО Тайынша ауданы тұрғынының өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ осы қайғылы жағдайға алып келген себептер мен жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның өзге мән-жайы жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылдайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0