$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

«Ұлдарым маған қарыздар емес»: Тәуекел Мүсілім отбасылық ұстанымын айтты (ВИДЕО)

Актердің айтуынша, өзі ата-анасының тәрбиесін көріп өскен. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Актер Тәуекел Мүсілім ұлдары ер жетіп, үйленгеннен кейін олармен бірге тұрмайтынын айтты. Бұл туралы ол журналист Алтын Меңдібаеваға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актердің айтуынша, өзі ата-анасының тәрбиесін көріп өскен. Алайда ұлдарының ата-анасына қарыздар немесе міндетті сезініп өмір сүргенін қаламайды.

«Бізді ата-аналарымыз басқаша тәрбиеледі. Оларға қарызбыз, міндетті қылып өсірді бізді. Ал өз ұлдарымызға келетін болсақ, мен оны қаламаймын. Олардың маған қарыз, міндет деген ойлары болғанын қаламаймын. Оларға бұл жайлы мүлдем айтпаймын. Олардың дұрыс адам болулары үшін барымды салып, бұл әлемге дайындауға тырысамын. Ешқандай қорқынышсыз, комплекссіз өмір сүргендерін қалаймын. Олар ер жеткен кезде “олар бізбен бірге тұру керек” деген сөзді мүлдем айтпаймыз деп әйелім екеуміз келісіп алдық. Олардың бізсіз өмір сүрулері үшін өзімді барынша дайындаудамын», – деді актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0