ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жариялаған жоқ.
Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік топ құрды деген күдікпен 10 адам қолға түсірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олар экстремистік топ құрып, оған басшылық етті, сондай-ақ терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінді.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ Қазақстанның батыс аймағында конституцияның негіздерін күшпен өзгертуді көздеген.
«Олардың тұрғылықты жерлеріне жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олар жасырын түрде балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 оқу орталығын ашып алған. Топтың бірқатар мүшесі осыған дейін де террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған», – делінген ҰҚК хабарламасында.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жариялаған жоқ.