02.11.2026, 11:30

Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты

Фото: Видеодан скрин

Астанада Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің жерасты паркингін тағы да кәріз суы басып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Тұрғындардың айтуынша, кәріз суы паркингтегі автокөліктерге, қойма бөлмелеріне және лифт шахталарына зиян келтіріп жатыр. Сонымен қатар тұрғын үйдің кіреберістері мен аумағын жағымсыз иіс жайлаған. Жергілікті тұрғындар жеке мүліктерінің бүлінуіне, сондай-ақ электр сымдарының қысқа тұйықталып, өрт шығу қаупіне алаңдаулы. Алайда жауапты мекемелер мен құрылыс сапасына жауапты тұлғалар бұл мәселеге әлі күнге дейін нақты шешім таппай отыр. Бір реттік шаралармен шектелмей, мәселенің түпкі себебін анықтап, жүйелі түрде шешетін уақыт жетті.

Тегтер: тұрғын үй