$ 453.71 € 505.8 ₽ 5.63

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Фото: азаттық рухы
Фото: азаттық рухы

Ақмола облысының Шортанды кентінде досымен бірге теміржол вагонының үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты. Салдарынан оның денесінің 70 пайызы күйіп қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға байланысты Астана-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

«Кәмелетке толмағандардың бірі Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Екінші бала үйіне өз бетінше оралды», – деп мәлімдеді ведомство.

Осыған байланысты көлік полициясы тұрғындарға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Вагондардың үстіне шығуға, тіпті пойыз тоқтап тұрса да, сондай-ақ пойыздардың астынан өтуге қатаң тыйым салынатынын атап өтті.

«Құрметті ата-аналар! Балалардың бос уақытын қадағалап, теміржол маңында ойнауына немесе жүруіне жол бермеулеріңізді сұраймыз», – деп үндеу жасады көліктегі полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0