Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Қалалық Полиция департаменті де аталған деректі растады.
Полицияның мәліметінше, мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары марқұмның Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтаған.
«Есіл өзенінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері марқұмның Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтады», – деп хабарлады Полиция департаменті агенттік тілшісіне.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.