$ 453.71 € 505.8 ₽ 5.63

Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевқа тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты шағым толастамай тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қала жұртшылығының айтуынша, баспай жатып бұзылатын жолдар халықтың жүйкесін әбден тоздырды. Бұған дейін Сәтбаев қаласын басқарған кезінде де аталмыш шенеунікке жол мәселесі бойынша сын-ескертпелер аз айтылмаған еді.

Алайда тұрғындар ол қызметтен кетсе де, түйінді мәселенің сол күйі шешіусіз қалғанын ашына жеткізуде. Шенеуніктер әр маусым сайын битум мен қиыршық тастың сапасын сылтауратып, мәселені жылы жауып қоюды әдетке айналдырғандай. Жыл сайын асфальтпен бірге миллиондаған бюджет ақшасы еритін бұл сорақылыққа қашан тосқауыл қойылатыны әлі белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0