$ 457.09 € 508.42 ₽ 5.67

Испанияда пойыз апатқа ұшырап, 68 адам қаза тапты

Оқиға сәрсенбі күні жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыздың тоқтап тұрған басқа құрамға соқтығысуынан болған.

Фото: AP
Фото: AP

Испанияда биыл екінші рет ірі теміржол апаты тіркеліп, кемінде 68 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға сәрсенбі күні жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыздың тоқтап тұрған басқа құрамға соқтығысуынан болған.

Reuters мәліметінше, құтқарушылар апат орнында жұмыс істеп, қираған вагондардың арасынан қаза тапқандардың денелерін іздестіріп жатыр. Аталған оқиға 2013 жылдан бері Еуропадағы адам шығыны ең көп теміржол апаты саналады.

Испания премьер-министрі Педро Санчес қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, елдің қайғыға ортақ екенін жеткізді. Ол апаттың себептері жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

Көлік министрі Оскар Пуэнтенің айтуынша, алда тұрған пойызға байланысты бағдаршам қызыл түсті көрсеткен. Алайда компьютерлік байланыс жүйесіндегі ақаудан қозғалыс уақытша тоқтатылғанымен, кейін Renfe компаниясының пойызына жолын жалғастыруға рұқсат берілген. Министр бұл шешімнің қате болғанын атап өтті.

Педро Санчес тергеу қорытындысы шыққаннан кейін қажетті шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктер жойылатынын айтты. Сонымен қатар ол Испанияда биыл болған екі теміржол апатының себептері өзара байланысты болмауы мүмкін екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0