$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

«Үйім де, ата-анам да жоқ»: Маскадағы адам ДЦП диагнозы бар курьерге баспана сыйлады (ВИДЕО)

Ол түнейтін жер таппаған кездері аялдамада қонуға мәжбүр болған

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстанда «Бетперделі адам» атымен танылған қайырымды жан 29 жастағы Давид есімді курьерге пәтер мен үш дөңгелекті велосипед сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Давидтің екінші топтағы мүгедектігі бар. Оған церебралды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған. Ол естімейді әрі сөйлей алмайды. Соған қарамастан, жаяу курьер болып жұмыс істеп, күнкөрісін өзі қамтамасыз етіп жүр.

Аяғы қатты ауыратындықтан, кейде тапсырысты уақытында жеткізе алмай қалады. Мұндайда клиенттердің алдында өзін ыңғайсыз сезінетінін айтқан.

Давид ата-анасынан айырылған, жеке баспанасы да жоқ. Түнейтін жер таппаған кездері аялдамада қонуға мәжбүр болған.

«Мен жетіммін. Анам да, әкем де, үйім де жоқ. Маған өте қиын. Ата-анамды қатты сағындым», – деп бөлісті ол.

Қайырымды жан арманын сұрағанда, Давид үш дөңгелекті велосипед алғысы келетінін жеткізген. Мұндай көлік оның қала ішінде жүріп-тұруын жеңілдетіп, тапсырыс жеткізуіне көмектесер еді.

«Бетперделі адам» оған армандаған велосипедін сыйлап қана қоймай, емделуіне қомақты қаражат бөлді. Ал ең үлкен сыйы – Давидке табыстаған пәтер кілті болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0