Қабылдау актісіне барлық кемшіліктер түгел тіркеліп жазылғанымен, құрылыс компаниясы тарапынан әзірге толық үнсіздік пен елемеушілік орнаған.
Қолма-қол ақшасын төлеп пәтер алған азаматтар мерзімі бірнеше рет кешіктірілгенімен қоймай, BI Group салған үйдің ішінен қаптаған ақау шыққанын айтып Threads желісінде шағымданды.
Қабылдау актісіне барлық кемшіліктер түгел тіркеліп жазылғанымен, құрылыс компаниясы тарапынан әзірге толық үнсіздік пен елемеушілік орнаған.
Тіпті ламинатты басып өткеннің өзінде астынан құрылыс шаңы мен құм бұрқ етіп ұшып шығады, себебі оны төсер алдында элементар түрде де шаңсорғышпен тазартпаған.
Плинтус арасындағы саңылау соншалық - саусақ еркін сұғылады, есік маңындағы тұсқағаздар бүлініп, санузелдің бұрыштары сызат тарта бастаған.
Threads: @llama.53094189